"Шолақтау" тау-кен өңдеу кешені
"Казфосфат ТӨК" ЖШС тау – кен өңдеу кешенінің филиалы "Шолақтау" ТӨК фосфорит кенін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен комбинаты болып табылады.
Қазіргі уақытта "Шолақтау" ТӨК Жамбыл облысының Талас ауданында орналасқан үш кен орнында фосфат шикізатын өндіруді жүзеге асырады.
Бұл кен өндіру және алғашқы кен дайындау кешендері, сондай – ақ автокөлік және теміржол цехтары, жөндеу – механикалық және жөндеу-құрылыс бөлімшелері байланыстырылған Шолақтау, Ақсай және Шиелібұлақ кен орындары.
Сонымен қатар кең таралған пайдалы қазбалар кен орындарында – шыны өнеркәсібіне арналған әктастар мен доломиттер кен орындарында өндіру жүргізіледі.
Қаратау кен бассейні негізінде құрылған "Казфосфат ТӨК" ЖШС филиалы "Шолақтау" ТӨК -Қазақстан мен Орта Азиядағы минералды тыңайтқыштар өндірісі үшін шикізаттың жалғыз ірі жеткізушісі болып табылады. Филиалда автотасымалдау, экскавация және бульдозерлік техника қызметтерінің көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін тұйық циклде ұсақтау-сұрыптау учаскесі жағдайында "Молодежный" кенішінің фосфорит кенін ұсақтаудың оңтайлы сызбасы енгізілді; "Шолақтау" өнеркәсіптік алаңының қазандығын сұйықтықтан неғұрлым үнемді және экологиялық таза отын – табиғи газға ауыстыру жүзеге асырылды. "Шолақтау" ТӨК құрылымына көптеген өндірістік бөлімшелер кіреді "Шолақтау" жерасты кеніші, ұсақтау-сұрыптау цехы, автокөлік цехы, энергоцех, жөндеу-механикалық цех, жөндеу-құрылыс цехы, техникалық бақылау бөлімі, сатып алу бөлімі, ішкі режимді бақылау цехы. Бұл бөлімшелердің барлығы өзара байланысты, бірлесіп және үйлесімді жұмыс істейді.